Способы оплаты услуг агентства "ИнфоПринт"

  1. Безналичный способ по реквизитам:  KZ32998GTB0000048618 БИК TSESKZKA АО КФ «Цеснабанк» в г. Костанай, Казахстан;
  2. Cистемы быстрых переводов через Банк ЦентрКредит, Народный Банк, БТА-банк;

  3. Перевод денег через систему WesternUnion;

  4. Через систему Web money на номер кошелька z152215269588;                               Подробнее о способах оплаты ЗДЕСЬ! -->>

18
18
Image Detail

Фото сотрудников

Как вы узнали о нас?

Из интернета (искал в поисковике)... - 17.9%
Из интернета (доски объявлений)... - 21.4%
Друзья посоветовали - 35.7%
Случайно нашел... - 17.9%
Где я? - 7.1%

Всего голосов: 28
Голосование по данному опросу окончено на: 10 Мар 2012 - 00:00

Жазбаша аудармалар

 

     Әдеби жазбаша аудармалар тапсырыстары, шындығын айтқанда, онша көп болмаса да, «Кітап аударудың көптеген тәсілдері бар: олардың ең жақсысы – бұл істі аудармашыға тапсыру»,- деп Карел Чапек айтқандай, оның сөзімен келісуге тура келеді. Алайда мұндай тапсырыстар түссе, әдебиет классиктерінің бірі Хорхе Луис Борхес: «Аудармаға қатысты түпнұсқасы дұрыс емес» деп әзілдегендей жағдай туындамас үшін, біз оларды, әдетте, тіл иеленушілердің күшімен орындаймыз.

     Қазірде, халықаралық қатынастар бизнесте және бір елден екінші елге қызығарлық тұрақтылық және батырлықпен көшіп-қонып жүрген кәдімгі адамдардың өмірінде тілмаштың, аудармашының рөлі айтарлықтай нығая түсті. Хат алмасу, шарттар, контрактілер, бизнес-жоспарлар, инвестициялық жобалар, жарғылық және тіркеу құжаттары, бухгалтерлік, банктік және өзге де құжаттама, түсініктеме, түрлі құжаттар: дипломдар, төлқұжаттар, туу, өлім және неке қию туралы куәліктер – мұның барлығы да жазбаша аударманы қажет етеді. Қарым-қатынас және ынтымақтастық кеңістігі өте кеңейе түскендіктен, сирек кездесетін, экзотикалық тілдер де сұранысқа ие болды. Күмәнге берілмеңіз, біздің АГЕНТТІКТІҢ табалдырығын оңай аттаңыз.

     Жазбаша аудармаға ұсынылып отырған мәтіннің мазмұнына байланысты, онымен тек тілді ғана емес, айтылып отырған пәннің негіздерін білетін аудармашы айналысады. Бірақ ол ЕШҚАШАН ДА МАШИНАЛЫҚ АУДАРМАНЫ ҚОЛДАНБАЙДЫ. Кәсіби аудармашылар қызметінде мұндай бағдарламаларды қолдануға жол берілмейді.

     «ИНФОПРИНТ» агенттігі АҒЫЛШЫН, НЕМІС, ҚАЗАҚ, ТҮРІК, АРАБ, ГРЕК, ҚЫТАЙ, ФРАНЦУЗ, ИСПАН, СЛАВЯНДЫҚ және ТМД елдерінің тілдеріне/тілдерінен АУДАРМА жөніндегі қызметтер көрсетеді. Біз жазбаша аудармалардың келесі түрлерімен айналысамыз:

     - ҚАРЖЫЛАЙ және БАНКТІК құжаттаманы аудару.

     Қызметтердің бұл түрі, әдетте, коммерциялық компанияларға, банктерге, сондай-ақ, шетелдік серіктестермен қызмет ететін кез келген басқа компанияларға бағытталған. Бүгінгі күні ірі компаниялар құрылтайшыларының санына шетелдік серіктестер кіреді. Сәйкесінше, аудиторлық есептерді, есепшоттарды, бағатізбелерді, банктік келісімдерді, фирма бойынша бұйрықтар, түрлі бухгалтерлік құжаттаманы аударудың үнемі қажеттілігі бар.

     -ІСКЕРЛІК құжаттарды, ЗАҢГЕРЛІК және өзге де құжаттаманы аудары.

     Кез келген компания дерлік ара-тұра әр түрлі іскерлік хат алмасуды, коммерциялық ұсыныстарды, ынтымақтастық туралы келісімдерді және өзге де құжаттарды шет немесе мемлекеттік тілге аударуға кезігеді. Одан басқа, мемлекеттік тілге міндетті түрде аударылуы тиісті құжаттар (мысалы, құрылтай шарты) бар. Сондықтан да біз осы қызметті жүзеге асырып отырмыз.

     - құжаттарды НОТАРИАЛДЫ куәландыру үшін аудару.

     Шетелге шығу, шетелде оқу, емделу, қызметке тұру, шетелдік азаматпен некеге тұру үшін құжаттарын рәсімдейтін кез келген жеке тұлғаға өзінің жеке құжаттарының (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, туу туралы куәлік, диплом, неке қию туралы куәлік, неке айыру туралы куәлік, медициналық анықтамалар, еңбек кітапшасы және өзге де құжаттар)аудармасы қажет. Біздің агенттік мұндай құжаттарды нотариалды куәландыру үшін аударумен айналысады. Аударма агенттігінің мөрін біз ТЕГІН қоямыз.

     - ТЕХНИКАЛЫҚ аударма.

     Қазірде, көптеген өндірістік компаниялар өз талдамаларында шетелдік серіктестермен ынтамақтасқан уақытта, әр түрлі техникалық құжаттаманы шетел тілінен/тіліне аударудың қажеттілігі туындап отыр. Мұнда аспаптар және жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықтарды, аспаптар мен құрылғылардың техникалық сипаттамаларын, техникалық үрдістердің сипаттамалары, шетелдік/ресейлік және қазақстандық компанияларды шет тіліне аударуды атап айтуға болады.

     Аударуға арналған материалдарды Сіз баспа және электронды түрде Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен: по e-mail бойынша немесе жеке кездесу кезінде ұсына аласыз, әрі аударуға арналған материалдар әр түрлі форматтарда бола алады (Word, Excel, Corel Draw, AdobeAcrobat, Autocad). Құжаттарды бірдей етіп, яғни  құжаттардың бастапқы форматын сақтай отырып, сызбалар, кестелер, сұлбалар, графиктер және т.б. көшіру арқылы рәсімдеумен аударуға тапсырыстар қабылданады.

     Біздің Агенттіктің барлық аудармашылары «қызығушылықтары бойынша» топтарға бөлінген.  Біреулері медициналық және фармацевтикалық мәтіндерді аударса, басқалары банктік және экономикалық тақырыптамада маманданады, үшіншілері техникалық білімге ие болғандықтан, техникалық аударманы артық көреді, төртіншілерінің – заңгерлік терминологияда және осы тақырыпта аударылатын құжаттардың мәнінен терең хабары бар. Жоғарыда аталған мәтіндердің кейбіреулері күрделілігі жоғары мәтіндер болып табылады және стандартты мәтіндерден 20-50 пайызға артық болады, бірақ кез келген жағдайда күрделілік үшін бағаны қымбаттату сұрағы міндетті түрде клиентпен тапсырысты орындағанға ДЕЙІН талқыланады. Тапсырыстың күрделілігі мен мерзіміне қарамастан, барлық мәтіндер РЕДАКЦИЯЛАУДАН және КОРРЕКТОРЛЫҚ ТҮЗЕТУДЕН өтеді. Бұл жұмыстардың құны тапсырыстың жалпы құнына кіреді.

     Жазбаша аударма тапсырыстарды орындау МЕРЗІМДЕРІ әрбір тапсырыс берушіге жеке ескертіледі және мәтіннің көлемі мен күрделілігіне байланысты болады. Кәдімгі тәртіпте орындалған аудармаға тәулігіне 5-6 стандартты ьетті жазбаша аудару жатады. Егер де аударма жедел немесе өте жедел түрде («бүгіннен бүгін», тығыз мерзімде аудармалардың үлкен көлемі) қажет болса, оның орындалуы кәдімгі аудармаға қарағанда, 20-50 пайызға қымбатырақ түседі.

     Жазбаша аударманың СТАНДАРТТЫ БЕТІ болып бос орындары бар 1800 символ көлеміндегі дайын аударма беті саналады. Аударылған символдардың жалпы санын компьютер анықтайды. Мәтін көлемін символдар бойынша бағалау жүйесі бізге мәтіндер баспа машиналары арқылы теріліп, бір бетке дәл осындай көлемдегі (әрбіреуі 62 символдан тұратын 30 жол) мәтін сыятын уақыттан бері бізге жетіп келеді. Көптеген шет мемлекеттерде көлемді сөздердің санына қарай санау жүйесі қабылданды, бірақ біздің елде бұл жүйе әлі де қолданыс таппай отыр (шетелдік серіктестермен қызметтесе отырып, біз көлемді сөздердің санына қарай санауды қолданамыз).

     Сіз куәландыруды қажет етіп отырған АУДАРЫЛҒАН құжатты алып келген жағдайда, біздің аудармашылар оны тексереді де, аударма дұрыс болған жағдайда, нотариалды түрде немесе агенттіктің мөрімен куәландырады. Егер мәтіннің бір бетінде бес айтарлықтай қате болмаса, бұл жұмыс аударма тексерісі болып саналады да, кәдімгі аудармаға қарағанда, арзанырақ бағаланады. Тексеріс бағасы біздің Агенттік қызметтері құнының кестесіне кіреді.

     Өмір кездейсоқ жағдайларға толы, өкінішке орай, олардың бәрі жағымды бола бермейді. Біздің аудармамызды жоғалтып алсаңыз, оған кофе немесе шай төгіп алсаңыз,  оны итіңіз кездейсоқ жеп қойса... Торықпаңыз! Жедел «ИнфоПринт» агенттігіне қайтыңыз. Біз орындалған барлық тапсырыстарды сақтаймыз, сондықтан да жоғалтқаныңыздың орнын оңай толтыра аламыз. Ал енді ең маңыздысы: құжаттарды аударуға тапсырыс берген кезде, біздің агенттіктің менеджеріне мәтінде немесе құжатта аталған барлық жалқы есімдерді, яғни, есімдер, тектер, атағы онша жайылмаған тұрғылықты пунктер және фирмалар мен компаниялар атауларын міндетті түрде тапсырыңыз, өйткені, аударма тілінде жазылған айырмашылықтар жеке тұлғамен қатар, компания немесе фирманы теңестіруде мәселе туғызуы мүмкін.

Заказать перевод
Введите ваше имя (*)
введите ваше ФИО
Введите ваше имя пожалуйста
Введите контактный e-mail. (*)
введите действительный почтовый ящик
Введите ваш почтовый ящик, для того чтобы мы могли связаться с вами.
Контактный телефон
Неверный ввод
Мы свяжемся с вами!
Прикрепите файл (*)
Не забудьте прикрепить файл
Пожелания к заказу
Неверный ввод
Опишите ваше пожелание к заказу!
Отправить заявку
Яндекс.Метрика
 Бесплатная раскрутка сайта